Ақтөбеде ер адам кәмелетке толмаған велосипедші қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

30 шілдеде электровелосипед тізгіндеген ер адам велосипедпен келе жатқан кәмелетке толмаған қызды қағып кеткен. Алайда ер адам зардап шеккен қызға көмек көрсетпестен оқиға орнынан кетіп қалған.

Салдарынан жасөспірім түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 58 жастағы электровелосипед жүргізушісін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.