Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі бүлдіршіннің бетін тырнап алған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Айгөлек» бөбекжайында болған оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Көмекшінің тосын әрекеті ғимараттағы бейнекамераға түсіп қалған.

Облыстық білім басқармасы түсініктеме берді. «Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысы бар қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Жағдай білім басқармасының бақылауында», - дейді Ақтөбе облысының білім басқармасы.