Ақтөбеде мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз соққыға жығылып, ауруханаға түскенін айтты. Ұлттық ұланның мәліметінше тергеу басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"6655 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің әскери қызметшісіне қатысты осы факт бойынша Ақтөбе гарнизонының Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жан-жақты және объективті тексеру нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.
