Ақтөбеде құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе қаласының Астана ауданында, Богословская тас жолы бойында құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері жанып кетті. Өрт толығымен сөндірілді.
Құтқарушылар өрттен 27 автокөлік тұрған іргелес аумақты аман алып қалды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртенген іске жарамсыз болып қалған көліктер, дейді төтенше жағдайлар департаментінде.
Нақты қанша көлік өртенгені анықталып жатыр.
