Ақтөбеде қатты дауыл болып, салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы "Диапазон" газеті хабарлады. Қазіргі кезде электр қуатын қалпына келтірумен 10 бригада айналысып жатыр. "Энергожүйе" серіктестігі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе, Қорайлы, Пригородный, Маржанбұлақ, Алға, Мәртөк аудандарында электр қуатын беруді қалпына келтіріліп жатыр", - деді "Энергожүйе" ЖШС ресми өкілі Динара Жаналина. Жаналинаның айтуынша, қажет болса, қосымша күштер тартылады.

Компания ақтөбеліктерге шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұрады.