Ақтөбеде Богослов тас жолының бойында құрғақ шөп пен автобөлшектер өртенді. Өрт орнының жанында 27 автомобиль тұрған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оттың көліктерге жетуіне жол бермеген.
«Өрт Астана ауданында болды. От толығымен сөндірілді, барлық автомобильді сақтап қалуға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ», — деп нақтылады ведомство.
Бұған дейін «Курсив» Жетісу облысында өрт сөндірушілерге жанған қамысты әуеден сөндіруге тура келгенін жазған. Батпақты жер техниканың ошақтарға жақындауына мүмкіндік бермегендіктен, өртпен күресу үшін тікұшақ жұмылдырылған.
