Coca-Cola компаниясы Қазақстандағы төртінші зауытының құрылысын бастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жобаны Coca-Cola Icecek Kazakhstan жүзеге асырады. Жаңа зауытта газдалған және газдалмаған сусындар шығарылады. Құрылыс енді ғана басталды, бірінші тастың орнына уақыт капсуласы салынды.

Қазіргі уақытта компанияның Алматы облысында, Астанада және Шымкентте зауыттары бар. Ақтөбедегі алаңның іске қосылуымен батыс өңірдегі өндіріс жергілікті тұрғындарға жақындайды. Бұл жеткізілімді жеңілдетіп, газдалған сусындардың шығарылым көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Компания өкілдері жаңа зауыттың қоршаған ортаға зияны аз болатынын және қалдықтарды жақсырақ қайта өңдейтінін уәде етеді.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Қазақстанның қай жылдары Coca-Cola жаңа жылдық жүк көліктерінің керуені өткенін жазған болатын.