Оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облыстық балалар стоматологиясында ажиотаж байқалуда — дәрігерлер күніне 200-ге дейін пациент қабылдайды. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасы 18 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы және шұғыл көмекті ОСМС аясында қаланың басқа да медициналық мекемелерінен алуға болатынын еске салады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдікте хабарлағандай, дәстүрлі түрде оқу жылы басталар алдында Балалар стоматологиялық емханасында медициналық қызметке сұраныс күрт артады. Мектеп оқушыларының жаппай профилактикалық тексеруден өтуі мен емделуіне байланысты дәрігерлерге түсетін жүктеме бірнеше есе артады.
«Мұнда күн сайын терапиялық көмекті 130-дан астам бала, ал хирургиялық көмекті 65-тен астам пациент алады», — делінген хабарламада.
Кезекте ұзақ күтуді болдырмау үшін ата-аналар балаларға стоматологиялық көмек алу үшін басқа медициналық мекемелерге жүгіне алады. Әкімдіктің мәліметінше, ОСМС аясында балалардың тісін емдеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми қызмет жеткізушілері болып табылатын басқа да клиникалар жүзеге асырады.
Олардың қатарында: «Diamond Dent» ЖШС; «BZ Холдинг» ЖШС; «Ай-алтын» ЖШС; «Меда-Актобе» ЖШС; «Медикер Илек» ЖШС; «Орынбасаров Нұрхан Нартаевич» ЖШС; «ТТ и К» ЖШС; «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК; ARUDENT ЖК; «Айгүл» клиникасы ЖШС; «Амина и Али» ЖШС; «Almash Life» ЖШС; «Медикус центр» медициналық мекемесі; «Ақтөбе теміржол ауруханасы» ЖШС.
Сондай-ақ әкімдікте осы саладағы барлық сұрақтар бойынша емхананың пациенттерді қолдау қызметіне немесе денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Айгүл Аманжұловаға жүгінуге болатынын атап өтті.
Бұған дейін «Курсив» басылымы баланы дәрігерге алғаш рет қашан апару керек және нәрестеге маманның көмегі қажет екенін қалай түсінуге болатынын қарастырған болатын.
Егер мақала сізде алаңдаушылық тудырса, оны жасанды психологпен талқылаңыз.
