Ақтөбеде арнайы жасақ бөлімшесінің күшімен жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында облыс аумағында есірткі сататын интернет-дүкен ұйымдастырды деген күдікке ілінген 38 жастағы Ақтөбе тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Polisia.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұстау кезінде екі ұңғылы мылтық пен оқ-дәрілер, травматикалық және пневматикалық тапанша, револьвер, Ф-1 гранатасы және басқа да оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.

Кейін күдіктінің қылмыстық байланыстарын анықтау барысында полицейлер болжамды «закладчик» ұсталды. Ол жалға алған пәтерде жүргізілген тінту кезінде 70 құты гашиш майы (WAX) және заңсыз әрекеттен түскен ақша қаражаты табылды.

Есірткі заттарын ерекше ірі мөлшерде заңсыз сақтау және қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұған дейін «Курсив» есірткі қолданып жатқан «дін қызметкері Воронцов» туралы бейнероликке полицияның пікір білдіргенін жазған болатын.