Ақтөбеде Словакияда өткен U20 әлем чемпионатынан жеңіспен оралған балуан Қазыбек Қалмағамбетовке көлік сыйға тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
67 салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған балуанды әуежайдан ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды. Тарихи жеңіспен оралған чемпионға темір тұлпардың кілті табысталды.
Айта кетейік, Қазыбек Қалмағамбетов - Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 санаты бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.
