Ақтөбе облысында көлік бақылау инспекциясының қызметкері пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, инспекция қызметкері автокөліктерді кедергісіз өткізу үшін тасымалдаушыдан бірнеше рет пара алған.
«Алынған параның жалпы сомасы 170 мың теңгені құрады. Сот үкімімен оған 5,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды», — деп хабарлады прокуратура.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
