Синоптиктер 23 қазанда Қазақстанның тек бір қаласында — Ақтөбеде — қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ туындаған кезде елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адамдардың денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейінің қалыптасуын айқындайтын маңызды факторлардың бірі — синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін «Курсив» 23 қазанға ҚР бірнеше облысында синоптиктер қар жаууы, бұрқасын, көктайғақ және екпіні 30 м/с-қа дейінгі желге байланысты дауылды ескерту жариялағанын жазған болатын.