Фото: gov.kz

Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетовтің денесі табылды. Өңірдің полиция департаменті суицид туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

46 жастағы әкімнің денесі үйінен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

««Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.»