Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 10 маусым күні сағат 13:53-те тіркелген. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, сегіз адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
