Ақтөбе облысы Хромтау қаласының маңындағы Самара-Шымкент тас жолында 28 шілде күні болған жол апатынан Дон тау-кен байыту комбинатының үш қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақ полициясының мәліметінше, "ГАЗель" мен Audi көліктері соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты, тағы бір адам ауруханаға барар жолда көз жұмған. Барлық қаза тапқандар Дон тау-кен комбинатына жұмысқа бара жатқан. Ал "ГАЗель" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Әлеуметтік желіде бұл ақпарат алғаш рет 30 шілдеде тараған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.