Ақтөбе облысында ер адам бірнеше азаматқа жоқ жер телімдерін сатып, ақша иемденіп кеткен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, облыс орталығынан жер сатып алмақ болған тұрғын алаяқтың арбауына түскен. Күдікті жер телімдерін төмен бағамен сатуға уәде беріп, азаматтардың ақшасын иемденіп кеткен.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, күдіктінің өз иелігінде жер телімі болмаған. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.
Келтірілген жалпы материалдық шығын 5 миллион теңгеден асады. Полиция «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
