Фото: gov.kz

2025 жылғы шілдеде «М» азаматы Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе әскери іс-қимылдарға қасақана заңсыз қатысқаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

««Бір мезгілде жалдамалылық, оның ішінде жалдамалыны жалдау, оқыту, қаржыландыру немесе өзге де материалдық қамтамасыз ету фактісі анықталған кезде кінәлі адам Қылмыстық Кодекстің 170-бабының 1-бөлігі бойынша одан да қатаң жаза, атап айтқанда, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынына назар аударамыз», — делінген хабарламада.»

Осыған байланысты Ақтөбе облысының прокуратурасы азаматтары заңнаманы қатаң сақтауға, аталған және басқа да құқыққа қайшы әрекеттерге қатысудан бас тартуға шақырады.