Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жеңіл автокөлік жол жиегіндегі жыраға аударылып кетті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға облыстық маңызы бар Ырғыз – Шалқар автожолының 40-шақырымында болған.

«Көлік салонында екі адам болған. Абырой болғанда, олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Құтқарушылардың көмегінен кейін жолаушылар сапарын өздігінен жалғастырды», - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты ТЖМ жүргізушілерге жолда сақ болу қажеттігін ескертті. Мамандар жылдамдықты сақтап, жол мен ауа райы жағдайын ескеруге және көлік жүргізу кезінде мұқият болуға шақырды.