Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өлімнің себебі – атмосфералық электр тоғы. Жас жігіт үстіне түскен жайдан мерт болды.
Полицейлердің айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, осыдан төрт жыл бұрын облыста тура сондай жағдай болған. Ақтөбе қаласына жақын Белогорка ауылында 27 жастағы ер адам мен 15 жастағы балаға жай түскен. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, ал ер адам жедел медициналық жәрдеммен ауруханаға жеткізілген болатын.
