Ақтөбе облысында 11 балықшы қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, бүгін Қарғалы ауданының Желтау ауылы аумағында Қарғалы су қоймасының маңында балықшылардың 3 көлікпен қар құрсауында қалғаны туралы хабар түскен. Олар боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінген. Түнгі 3:30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар:

  • 01қарауыл бастығы Шернияз Серіков;
  • 02жүргізуші-қызметкер Абай Таймұқанов;
  • 03өрт сөндіруші-құтқарушы Алтынбек Есенаманов;
  • 04ТЖБ аға инженері Салауат Бекмырзаев.