Фото: media.az

Ақтау маңындағы AZAL ұшағының апатынан аман қалған бортсерік Айдан Рагимли араға бір жыл салып өз жұмысына қайта оралды, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат порталы жергілікті БАҚ-қасілтеме жасап.

AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында тиісті ақпарат пайда болды.

««Кейде сөздер арқылы бәрін жеткізу мүмкін емес, бірақ өмір жалғасып жатыр. J2-8243 Баку-Грозный рейсі Айдан Рагимлидің есінде жатталып қалатын сәт болды. Бүгінде ол бастан өткергенін санасында сақтап, өмірдің жалғасатынын түсініп отыр. Ол өз жұмысын кәсібилікпен әрі жауапкершілікпен атқарады», – деп жазылған бейнероликте.»

Апат кезінде аман қалған бортсерік Айдан Рагимли Әзербайжанның ең жоғары мемлекеттік наградасының бірі – бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталған болатын.

Өткен жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында AZAL компаниясының Бакудан Грозныйға ұшып шыққан рейсі апатқа ұшырады. Әуе бортында 67 адам болған, оның ішінде бесеуі – экипаж мүшесі. Қайғылы оқиға салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Айта кету керек, бұған дейін Ақтау маңында AZAL ұшағы апатынан қаза тапқандарға ескерткіш қойылғанын жазғанбыз.