Ақтаудағы қатты тұман салдарынан бірнеше ұшақ Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

12 шілде күні таңертең Ақтау әуежайында көріну қашықтығы 50 метрге дейін төмендеген. Әуежай қызметінің мәліметінше, тұман салдарынан үш рейс Атырауға бағытталған. Олардың ішінде Астана мен Алматыдан келген ұшақтар бар.

Жолаушыларға қажетті көмек көрсетіліп, қосымша ақпарат берілуде. Әуежай әкімшілігі тұманның сейілуіне байланысты рейстердің қалыпты режимге оралатынын хабарлады.