Ақтауда жылусыз қалғанына наразылық білдірген тұрғындар көшеге шығып, жолды жаппақ болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің мәліметінше, жылу желісіндегі ақауға байланысты бірнеше тұрғын үйге жылу беру уақытша тоқтатылған. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жылу қайта қосылған. Алайда жылудың қайта-қайта өшуінен шаршаған тұрғындар кешкісін жиналып, наразылық білдірген.
Қала әкімі тұрғындармен кездесіп, мәселені жеке бақылауына алғанын айтты. Ақтаулықтар наразылық білдірген тұрғын үйлерге жылу толық берілген. Сондай-ақ үйді салған құрылыс компаниясы инженерлік желі құжаттарын әлі күнге әкімдікке өткізбеген болып шықты.
