Ақтауда Caspian Sea Action Week аясында Каспий маңы елдерінің Достық аллеясы ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген волонтерлер қатысты.
Caspian Sea Action Week – 2026 Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бастама негізінде БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында өтіп жатыр.
