Ақтауда ер адам хирургке күш көрсетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, дәрігер баланы қарап, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ екенін әкесіне сабырмен түсіндірген. Алайда баланың әкесі күтпеген жерден үстелді теуіп, дәрігерге тап берген.

Бірнеше адам әрең дегенде араша болған. Бүгін балалар хирургі кезекшілікке шығып, жұмысқа кіріскен. Қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.