Ақтауда дәмханада болған жанжал салдарынан ер адамның бетінен атылуы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 9 шілде күні сағат 17:21-де Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде болған. Белгісіз ер адам жанжал кезінде тапаншадан оқ атып, 35 жастағы ер адамның бетінен жарақаттаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген, оның жағдайы туралы ақпарат берілмеген.

Полиция күдіктіні ұстап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша мәліметтер кейінірек хабарланады.