Ақтау қаласында 12-қабаттан құлаған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 шілде күні болған. Ер адам балкон арқылы үйге кіремін дегенде 12-қабаттан құлап кеткен.

Ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм бұрын Түпқараған ауданының бас прокуроры болған.

Былтыр зейнеткерлікке шыққан.