Ақтауда бірден екі мемлекеттік мереке – Ұлттық домбыра күні мен Астана күні аталып өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кештің басты оқиғасы Каспий теңізі маңындағы Амфитеатр сахнасында белгілі қазақ күйлерін орындаған 500 жас домбырашының қойылымы болды. Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концертке жүздеген көрермен жиналды.

Көрермен назарына «Ерке сылқым», «Балбырауын» және «Адай» шығармалары ұсынылды. Ал ұлттық күйлердің жаппай орындалуы – кештің ең жарқын сәттерінің бірі болды. Әсіресе көрермендер Құрманғазының әйгілі «Адай» күйін ерекше қошеметпен қарсы алды.