Ақтау порты контейнерлік тасымалдау бойынша рекордты жаңартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша Ақтау порты арқылы 10 186 TEU ауыстырып тиелді. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 80%-ға артық.
«Қол жеткізілген нәтиже порт үшін жаңа рекордтық көрсеткіш болды және Каспий теңізі арқылы контейнерлік тасымалдарға сұраныстың тұрақты өсімін көрсетеді», — деп жазылған хабарламада.
Оң динамикаға ТХКБ бойынша жүк ағыны көлемінің ұлғаюы, маршрутта контейнерлік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жүктерді теміржол және порттық өңдеу мүмкіндіктерін кеңейту ықпал етіп отыр.
Бұл рекорд Қазақстан темір жолы таратқан ақпаратқа сәйкес тіркелді.
