Ақтауда қала күніне арналған мерекелік шаралар өткізбеуге шешім қабылданды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Ақтаудағы "Амфитеатр" алаңында 25-27 қыркүйекке жоспарланған мерекелік концерттер өткізілмейді.
"Атап айтқанда, 25 қыркүйекке жоспарланған "Каспий – достық теңізі" фестивалінің салтанатты ашылуы, сондай-ақ 27 қыркүйекте өтетін фестиваль-байқаудың жабылу салтанаты мен Ақтау қаласының туған күніне арналған мерекелік гала-концерт өткізілмейді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен.
Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды.
Қалған екі әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Каспий теңізінде іздестіру операциясы жалғасып жатыр.
