Ақтау әуежайы маңында құлаған ұшақ апатқа ұшыраған жерден тағы бір қара жәшік табылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев мәлім етті, деп жазады qazaqyia.kz/ сайты.
Екі қара жәшік те табылып, тергеуге жіберілді
«Екі қара жәшік табылды. Олар Әуе оқиғаларын тергеу басқармасына тапсырылып, кейін қаралады», – деді Абылайбек Ордабаев.
Ұшақ құлаған аумақ мұқият тексерілді
Ұшақты тексеру барысында 4 мың шаршы метрден астам аумақ тексеріліп, қаралды.
Екінші қара жәшіктің табылуы ұшақ апатының себептерін анықтауға септігін тигізеді деп күтілуде.