АҚШ билігі жасанды интеллект (ЖИ) және киберқауіпсіздік мәселелерін үйлестіру үшін арнайы топ құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақ үйдің мәлімдемесіне сәйкес, жаңа топ ЖИ технологияларын дамыту мен киберқауіпсіздік тәуекелдерін азайту бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған. Топтың нақты құрамы мен жұмыс тәртібі әлі жарияланған жоқ.
