АҚШ USAI бағдарламасы аясында Украинаға құны шамамен 14,3 миллиард доллар болатын қару-жарақты жеткізбеген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Пентагонның Бас инспекторының есептеріне сәйкес, Америка Құрама Штаттары "Украинаның қауіпсіздігіне жәрдемдесу бастамасы" (USAI) аясында Украинаға жалпы құны шамамен 14,3 миллиард доллар болатын қару-жарақ пен әскери қызметтерді жеткізе алмаған. Құжаттарда көрсетілгендей, 2022 жылдың ақпанынан бері АҚШ Конгресі бұл бағдарламаға 33,5 миллиард доллар бөлген.
Алайда 2026 жылдың наурызына қарай Киевке нақты жеткізілген қару-жарақ пен қызметтердің құны бар болғаны 19,2 миллиард долларды, яғни жалпы соманың шамамен 57%-ын ғана құраған. Сонымен қатар, тамыз айында жарияланған кезекті есепте жеткізілген көмек үлесі 57,3% деп бағаланды.
Наурыздағы көрсеткіш іс жүзінде өзгеріссіз қалған.
