АҚШ Мемлекеттік департаменті Украина үкіметіне әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жаңғырту құралдарын, жабдықтар мен қызметтерді сату шешімін мақұлдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство хабарламасында аталған сатудың болжамды құны – 2,68 миллиард доллар екені көрсетілген.
Шығынды кім өтейді
Шығын еуропалық серіктестердің қаражаты есебінен және АҚШ-тың шетелдік әскери қаржыландыру бағдарламасы аясында өтеледі.
Бағдарлама бойынша бөлінетін қаражат Украинаны қалпына келтіру қорына АҚШ-тың жарнасы ретінде есептелетіні хабарланды.
Украина нені сұратқан
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, Украина үкіметі зымырандар, лазерлік бағыттау жүйелері бар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін, қолдан жасалған ұшыру қондырғылары мен радарларды сұратқан.
