АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) Taylor Farms компаниясы жеткізген айсберг салатының үлгісінде паразит індетінің қоздырғышын анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
FDA мәліметінше, сынамада Cyclospora паразиті табылған. Бұл паразит ішек инфекциясын тудырып, диарея, құсу және басқа да белгілерге әкеледі. Taylor Farms компаниясы өз өнімдерін кері қайтарып алу шараларын бастады.
