АҚШ-та табысты адвокат Натаниэль Каллертон әйеліне опасыздығы салдарынан жұмыстан шеттетіліп, басқа заң фирмасындағы жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынысынан айырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның мән-жайы

Каллертон OpenAI мен Илон Маск арасындағы танымал сот процесіне қатысқан. Миллиардер компаниядан $150 млрд шығын өтеуді талап еткен. Адвокат басқа заңгерлермен бірге Сэм Альтманның мүддесін қорғап, істі жеңіп шыққан.

Жылына юрист шамамен $4 млн табыс табады. Ол жақын арада бәсекелес компанияға ауысуды жоспарлаған, онда оның жалақысы шамамен үш есеге өсуі мүмкін еді.

TikTok видеосының әсері

Оның бүкіл мансабы мен жоспарын TikTok-тағы видео бұзды. Видеода 45 жастағы Каллертонның саябақта жас әріптесімен сүйісіп тұрғаны көрінеді. Адвокат прокурор Мойра Ким Пензаға үйленген. Жанжал кезінде юрист жұмыстан шеттетілді. Сүйісу видеосы вирусқа айналып, 10 миллионнан астам қаралым жинады. Сонымен қатар, басқа компания оған жұмыс ұсынысын кері қайтарды.

Қоғамдық пікір

Бұл оқиға отбасылық құндылықтардың насихатының ең жақсы үлгісі болды. Қазақстанда отбасылық опасыздықтың осындай жаппай айыпталуын армандауға болады.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle Coldplay тобының Бостондағы концертіндегі камера кездейсоқ ерлі-зайыптылардың опасыздығын әшкерелегенін жазған.