АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) ер адамның қамауға алынғаны туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің хабарлауынша, ол федералды серіктестердің қолдауымен 5 маусымда қамауға алынған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам белгілі немесе күдікті террористер тізімінде болған. 2025 жылдың жазында АҚШ иммиграциялық соты оны депортациялауға бұйрық берді, бірақ ол сот отырысына келмей, елде қалған.
Осы оқиғаға қатысты журналистердің сұрағына сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев жауап берді. "Шетелдегі ондаған және жүздеген қазақстандықтардың басынан түрлі жағдайлар өтіп жатыр, мен олардың барлығын физикалық түрде есіме түсіре алмаймын. Біз, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі, сізге артынан жауап қайтарамыз", - деді Ашықбаев.
Ұсталған қазақстандық қазір қамауда отыр. Ол Америка Құрама Штаттарынан депортациялау құжаттары аяқталғанша сонда болады. Sputnik Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.
