АҚШ-тың Джорджия штатындағы Six Flags Over Georgia саябағында аттракционнан адам құлап, бір адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Саябақ қызметкерлері 42 жастағы Атланта тұрғыны Хасан Джихад Ибн Каримді аттракционның астынан тапқан. Ол есін жимаған және тыныс алмаған. Куәгерлер оқиғаны және оның салдарын сипаттады, аттракционда болған бір ер адам оны "өте оғаш, жарақаттайтын" деп атады.
