АҚШ-та көші-қон заңнамасын бұзған Қазақстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әйел Флорида штатының аумағында ұсталған.
«Қазақстан азаматшасын АҚШ-та заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты АҚШ иммиграция қызметінің қызметкерлері ұстаған», — дейді министрлікте.
Қазақстандық дипломаттар қажетті консулдық көмек көрсету мақсатында АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған азаматшаның отбасымен байланыс орнатты, дейді министрлікте.
Бұған дейін АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталғаны хабарланған болатын.
