АҚШ конгресінің мүшесі Анна Паулина Луна Украинаға бөлінген қаражатты АҚШ президенті Дональд Трамптың америкалықтарға 5000 доллар көлемінде төлем жасау жөніндегі бастамасын қаржыландыруға пайдалануды ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Даллас қаласында өткен Республикалық партия съезінің алғашқы күнінде Трамп, егер партия Конгресстің екі палатасында да бақылауды қолға алса, АҚШ-тың әрбір ересек азаматына 5000 доллар көлемінде төлем жасайтынына уәде берді.

«Біз шетелге жіберілетін көмектің бір бөлігін — мүмкін, Украинаға бағытталатын қаражаттың бір бөлігін — оңай қайта қарастырып, Америка халқына бере аламыз», — деді Луна Fox News арнасына Трамптың идеясына қатысты пікір білдіре отырып.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков бұған дейін Украинадағы қақтығыстың тез арада шешілуін қамтамасыз ету үшін АҚШ Киев режиміне көрсетілетін барлық көмекті тоқтатуы тиіс екенін мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы басталғалы Украина төрт жылда сырттан шамамен 200 млрд доллар қаржы алды.