АҚШ-тың Теннесси штатындағы Чаттануга қаласы маңындағы тасжолда фейерверк тиеген жүк көлігі өртеніп, аспанға отшашулар атқылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 6 маусым күні болған. Куәгерлердің айтуынша, отшашулар бірнеше минут бойы атылып, екі бағыттағы қозғалысты тоқтатқан. Жергілікті өрт сөндіру қызметі өрттің тез арада бақылауға алынғанын және зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады. Өрт сөндірушілердің мәліметінше, тіркеме «фейерверкке толы» болған және олардың барлығы «әртүрлі бағытта ұшқан».