АҚШ шенеуніктері Украина бойынша келіссөздерге қатысу үшін Норвегияға баруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің дереккөздеріне сәйкес, сапардың нақты уақыты мен құрамы әзірге белгісіз. Келіссөздердің мазмұны мен мақсаты туралы қосымша ақпарат берілмеген.
Reuters ақпараты бойынша, бұл сапар Украинадағы жағдайды реттеуге байланысты дипломатиялық күш-жігер аясында жоспарланып отыр.
