АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың Иранға қатысты соғыс өкілеттігін шектеуге арналған қарарды қабылдамады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қарар АҚШ президентінің Иранға қарсы әскери әрекеттер жүргізу өкілеттігін шектеуді көздеген еді. Алайда Сенат оны мақұлдамады.
Дауыс беру нәтижесі бойынша қарар қабылданбады. Бұл шешім АҚШ Конгресінің жоғарғы палатасы президенттің Иран саясатына қатысты өкілеттіктерін шектеуге дайын емес екенін көрсетеді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл қарар Трамп әкімшілігінің Иранға қатысты саясатына қарсы қадам ретінде ұсынылған болатын.
