АҚШ Ресей отынына санкциялық шектеулерді уақытша жеңілдетті. Бұған Ресейдің әлемдік нарыққа 300 мың тонна дизель жеткізуге келісуі себеп болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп растады, деп жазады Reuters. Оның айтуынша, қосымша отын жеткізілімдері кейінірек күтілуде. Бұл шешім ауыл шаруашылығында, үйлерді жылытуда және жүк тасымалында қолданылатын дизель бағасының өсуі аясында қабылданды.
Бұған дейін АҚШ-тың 47-президенті Ресей президенті Владимир Путинмен сәтті әңгімелескенін мәлімдеген. Оның сөзінше, Ресей дереу 300 мың тоннадан астам дизель жеткізеді, қарашада тағы 500 мың тонна, одан кейін 1 млн тонна жеткізіледі. Сонымен қатар, Ресей мұнай өңдеу зауыттарының жағдайына байланысты жақын уақытта тағы 3 млн тонна отын жеткізілуі күтілуде.
«Ормуз бұғазын толық бақылауымыз бен Ресейден келген энергия ресурстары туралы осы маңызды жаңалықтың арқасында американдықтар мен бүкіл әлем үшін дизель бағасы рекордтық қарқынмен және жылдам төмендейді!» — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Оның айтуынша, отын бағасының төмендеуі әсіресе фермерлер, ранчо иелері және дальнобойщиктер үшін маңызды және ол оның әкімшілігінің басты басымдықтарының бірі болып табылады.
Отын бағасы жағдайы Трамп әкімшілігі үшін саяси маңызға да ие. 3 қарашада АҚШ-та Конгреске аралық сайлау өтеді, оның нәтижелеріне республикашылдар екі палатада да көпшілікті сақтай алатыны байланысты.
Бұған дейін «Курсив» Трамп Конгреске аралық сайлауға дейін Иранды бомбалаудан бас тартқанын жазған.
