АҚШ құрамасы Босния мен Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Матч 2 шілдеде Сан-Францискодағы «Ливайс» стадионында өтті. Бірінші таймда Фоларин Балоган 45-минутта гол соғып, есеп ашты. Екінші таймда Балоган 64-минутта қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыған қарамастан, АҚШ құрамасы 82-минутта Малик Тилльманның айып соққысымен есепті екі еселеді.

Матч барысында Босния құрамасының капитаны Эдин Джеко жарақат алып, алаңнан кетті. АҚШ құрамасы 1/8 финалда Бельгиямен кездеседі. Матч 7 шілдеде Сиэттлде өтеді.

Басқа нәтижелер: ОАР – Канада 0:1, Бразилия – Жапония 2:1, Германия – Парагвай 1:1 (пен. 3:4), Нидерланд – Марокко 1:1 (пен. 2:3), Кот-д'Ивуар – Норвегия 1:2, Франция – Швеция 3:0, Мексика – Эквадор 2:0, Англия – ДР Конго 2:1, Бельгия – Сенегал 3:2.

ЧМ-2026 11 маусымда басталып, алғаш рет үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтуде. Финал 19-20 шілдеде Нью-Йоркте өтеді.