Америка Құрама Штаттары әлемдік қару-жарақ экспортының 43 пайызын бақылап, нарықтағы үстемдігін сақтап отыр, алайда одақтастары тапсырыс берген қаруды жылдар бойы күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Саясаткерлер Марко Рубио мен Пит Хегсет USA Today басылымында жариялаған мақаласында АҚШ-тың шетелдік серіктестерінен түскен тапсырыстардың жалпы сомасы 900 миллиард долларға жеткенін жазды. Қазіргі уақытта 190 ел мен аймақтан 16 мыңнан астам тапсырыс орындалуды күтіп тұр.

Негізгі мәселе — АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп кешенінің өндірістік қуаты рекордтық сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз болып отыр. Осының салдарынан төлемі жасалған қару-жарақтың жеткізілуін тапсырыс берушілер бірнеше жыл күтуге мәжбүр.

««Рекордтық сұраныс, өндіріс қуатының шамадан тыс жүктелуі және жеткізу мерзімінің созылуы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс саудасына қауіп төндіреді. Ұзақ күту одақтастарымызды сапасы төмен болса да, қаруды тезірек жеткізетін басқа елдерге жүгінуге мәжбүрлейді. Бұл Американы күшейтудің орнына, оның ықпалын әлсіретеді», — деп жазылған мақалада.»

Осыған байланысты Рубио мен Хегсет қару-жарақты сатып алу жүйесін және кәсіпорындармен жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарауды ұсынды. Олардың пікірінше, өндіріске жаңа капитал тартып, жеткізу тізбегін оңтайландыру арқылы америкалық қаруды жаһандық серіктестерге жеткізуді едәуір жеделдетуге болады.

Фото: Әлеуметтік желіден