АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла мәселесіне Ақ үйге қайта оралған бойда қайта кірісті, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
The Wall Street Journal дерегінше, Трамп бастапқыда Венесуэла басшысы Николас Мадуроны күш қолдану арқылы кетіруді емес, оны келісім арқылы биліктен өз еркімен бас тартуға көндіруді ойлаған.
Бұл ұстаным Трамптың мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың қатаң бағытына сай келмегені айтылады.
Басылымның жазуынша, Мадуро Трамп ұсынған келісімдердің бәрін кері қайтарып, қандай да бір мәмілеге барудан бас тартқан.
Журналистердің мәліметінше, Венесуэла басшысы «ессіз соғысқа жоқ» деген мәтіні бар әнге билеп, АҚШ президентінің ашуын келтірген.
