Трамп әкімшілігі Қытайға қарсы бағытталған тергеу аясында поликремнийге 15% баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Поликремний — күн панельдерін өндіруде қолданылатын негізгі шикізат. Бұл шешім АҚШ-тың Қытайдың күн энергиясы нарығындағы үстемдігін шектеуге бағытталған қадамы ретінде қарастырылуда.
