Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев АҚШ пен Иранның бейбіт келісімінен кейін Таяу Шығысқа әуе рейстерін ашу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты әуе қатынасы тоқтатылған болатын. Жетібаев бүгінгі брифингте: "Біз Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайды бақылап отырмыз. Жақын арада тиісті ұсынымдар беріледі, я болмаса, сыртқы істер министрлігінің ресми ақпараты жарияланатын болады", - деді.

Оның айтуынша, барлығы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты болады. Егер жағдай тұрақты болып, әуе қатынасына қауіп төнбесе, әуе рейстері қайта ашылады.

Айта кетері, бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен 10 275 қазақстандық эвакуацияланған болатын. Сол кезде сыртқы істер министрлігі азаматтарға ол жаққа бармауға кеңес берген.