АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер Мәскеуге сапары барысында Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсыныстарды жеткізеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Олар соғысты тоқтату туралы ұсыныс алып келеді", — деді АҚШ басшысы. Трамптың айтуынша, бұл ұсыныс жаңа емес. Сонымен қатар Вашингтонда Украинада бейбітшілік орнату жөнінде белгілі бір идея бар. Алайда АҚШ президенті оның нақты мазмұнын ашып айтпады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Уиткофф пен Кушнердің келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге сенбі күні баруы мүмкін екенін хабарлаған еді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков америкалық өкілдердің жақын арада Мәскеуге келетіні туралы ақпаратқа түсініктеме бере отырып, нақты күндерді жарияламады. Оның айтуынша, Кремль кездесулер болған кезде олар туралы хабарлайды.

Бұған дейін Владимир Путин Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздер үдерісі әзірге тоқтап тұрғанын мәлімдеген болатын. Сонымен бірге ол Мәскеудің кез келген тараппен келіссөз жүргізуге дайын екенін атап өтті.